Толықтыру
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 38-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау, сондай-ақ валюталық түсім болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шетел валютасындағы жаңа қарыздарын қарыз сомасының кемінде 30 %-ы мөлшерінде хеджирлеу жөніндегі ұсынымдар тұжырымдау;";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Комиссия квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын қарыздарға қызмет көрсету бойынша жоспарларды ескере отырып ұсынымдар тұжырымдайды.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов