Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      6-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау бойынша жоспарларын орындамауы туралы ақпаратты қарау қорытындысы;

      5) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал және (немесе) талап енгізілгені, реттеу қатаңдатылғаны туралы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов