Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 84-ө өкімі.

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 192-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, төраға";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      6-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі, зерттеулердің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының (Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, жалпыұлттық басымдықтар, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарлары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, аумақтық даму жоспарлары, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар, мемлекеттік органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары) нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарлану дәрежесін бағалау;".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.