Толықтыру
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.