Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын іске асыру туралы

      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысын атқару мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсенов:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысының  орындалу барысы туралы, оның iшiнде коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы апта сайын дүйсенбi күндерi жазбаша түрде баяндап тұрсын;
      тиiстi есеп берудiң нысанын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiмен келiскен соң оны бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрi В.В.Храпунов, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке тиiсiнше республика және Алматы қаласы бойынша коммуналдық қызметтi тұтынуды есептеу құралдарын орнату барысы туралы олардың бекiтiлген нысаны бойынша күн сайын жазбаша хабарлап отырсын.
      3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктеймiн.

      Премьер-Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.