"Қазақстан Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат
құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 19 маусымдағы
N 3556
N973556_
өкiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
ұлттық агенттiгiне 1997 жылдың республикалық бюджетiнде әлеуметтiк
мәнi бар әдебиеттердi шығаруға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан
Республикасы Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
сыйлықтары мен гранттарын (стипендияларын) төлеу және ескерткiш
белгiлер, сыйлық лауреаттарының дипломдары мен гранттардың бөлiнуi
туралы куәлiктердi әзiрлеу үшiн 1430 (бiр миллион төрт жүз отыз) мың
теңге бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен
гранттарын беру жөнiндегi арнаулы қоғамдық комиссияның шешiмiне
сәйкес 380 (үш жүз сексен) мың теңге мөлшерiнде (әрқайсысы) екi
сыйлық және 300 (үш жүз) мың теңге мөлшерiнде (әрқайсысы) екi грант
(стипендияларын) төлеудi жүргiзсiн.
Премьер-Министр