Өкім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Құбыр желісі көлігін дамыту жөніндегі кейбір мәселелер

 


     Тиiмді мұнай көлігі инфрақұрылымын құру және Қазақстан

Республикасынан сыртқы рынокқа мұнай беру үшін экспорттық құбыр желісі

жүйелерінің жобаларын дайындау жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында:

     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:


     Ыдырысов                  - Қазақстан Республикасының сыртқы

     Ерлан Әбілфайызұлы          істер бірінші вице-министрі, жетекші


     Досаев                    - Қазақстан Республикасының

     Ерболат Асқарбекұлы         Энергетика, индустрия және сауда

                                 вице-министрі


     Қаппаров                  - "Қазақойл" ҰМК президенті

     Нұрлан Жамбылұлы          


     Құлыбаев                  - "ҚазТрансОйл" ҰМТК президенті,

     Тимур Асқарұлы              жетекшінің орынбасары


     Қарабалин                 - "Қазақойл" ҰМК перспективалық даму

     Ұзақбай Сүлейменұлы         жөніндегі директоры


     Қабылдин                  - "ҚазТрансОйл" ҰМТК вице-президенті

     Қайыргелді Мақсұтұлы       


     Зверьков                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

     Вадим Павлович              министрлігінің Халықаралық экономикалық

                                 байланыстар департаментінің директоры


     Бозымбаев                 - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Қанат Алдабергенұлы         индустрия және сауда министрлігі Мұнай

                                 және газ департаментінің директоры


     2. Мүдделі министрліктер мен ведомстволардың мамандар мен

сарапшыларды тарту құқығы бар жұмыс тобы:


 
       1) Қазақстан Республикасының аумағында мұнай барлау мен өндіруді жүзеге асыратын мұнай компанияларын қатыстыра отырып Қазақстан - Түркменстан - Иран құбыр желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін бірлескен зерттеулері мен әзірлігі туралы келісімдердің және басқа құжаттардың жобаларын дайындау жөнінде кеңестер мен келіссөздер жүргізсін;
      2) мұнай компанияларының Каспий құбыр желісі консорциумының жобасы бойынша тиісті мұнай компанияларының міндеттемелеріне барабар көлемдерде Өнімдерді Бөлу туралы Түпкілікті келісімге қатысушылардың мұнай беру кепілдігімен Қазақстан тарабының қаржыландыруы есебінен Үлкен Шаған - Атырау құбыр желісі құрылысының жобасын бірлесіп іске асыру туралы Қарашаған Интеграцияланған Ұйымымен келіссөздер жүргізсін;
      3) қаржыландырудың мынадай жағдайларында:

 

     аталған құбыр желісі үшін мұнай берудің ең аз қажетті

кепілдендірілген көлемін;

     Қазақстан Республикасының аумағында мұнай барлау мен өндіруді

жүзеге асыратын мұнай компаниялары тарапынан іскерлік қаржыландыру

есебінен Кеңқияқ - Атырау мұнай құбыры құрылысының мәселесін қарасын.

     3. Жұмыс тобы жасалған жұмыс туралы Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне ай сайын ақпарат беріп тұрсын.


     Премьер-Министр




    Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.