Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді – ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.04.2017 № 2 нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д.Бұсырманов, А.К.Котов, Қ.Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтініш субъектісінің өкілі Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Каптильдің қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

      Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Д.Шопиннің хабарын, өтініш субъектісінің өкілі депутат Н.С.Каптильдің сөзін тыңдап және қолда бар материалдармен таныса келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

      Конституциялық Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиясын ұзартудың мүмкіндігі туралы да мәселе қойылуда.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіруде Конституциялық Кеңес мынаны ескерді.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасы Парламентінің, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін, кезектегі сессияларын бір жылда бір рет өткізуді белгілейді. Бұл осы норманың Парламенттің сессиялық жұмысының жалпы мерзімін көзде тұтуын білдіреді, бұл ретте Республика Конституциясында көрсетілген мерзімді өзгертуге тыйым салатын нормалар жоқ.

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру тәртібінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етті:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 3-тармағын, өтініш мәселесіне қатысты, осы норма Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиялық жұмысы кезеңін белгілейді деп түсіну керек, ол кезең Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысымен ұзартылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды ескеріп, шағымдануға жатпайды.

      Қазақстан Республикасы       Конституциялық Кеңесінің       Төрағасы
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.