Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Ескерту. Жарлықтың атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.
Астананың жаңа орталығы құрылысының кешенділігін қамтамасыз ету және оны жеделдете салу барысын бақылау мақсатында қаулы етемін:
1. Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Мамин
Асқар Ұзақбайұлы
-
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Көлгінов
Алтай Сейдірұлы
-
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері:
Смайылов
Әлихан Асханұлы
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі
Атамқұлов
Бейбіт Бəкірұлы
-
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Дәленов
Руслан Ерболатұлы
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
Хорошун
Сергей Михайлович
-
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары
Жүнісов
Сәрсембек Еңдібайұлы
-
"Астанабасжоспар" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 28.10.2019 № 195 Жарлығымен.2. Комиссия объектілердің құрылысын Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс салудың бекітілген бас жоспарына қатаң сәйкестікте қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57 Жарлығымен.3. Мемлекеттік комиссияның шешімдерін барлық құрылыс салушылардың, құрылыс мердігерлік компаниялары мен фирмалардың орындауы міндетті деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті