Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "және оған жапсарлас" деген сөздер ", сондай-ақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "аумақта" деген сөз "аумақтың бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы
аумағының жоспары
(қағаз мәтіннен қараңыз)