Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына  сәйкес қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 27, 250-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің
Құрылымы

      Басшылық
      Электр және жылу энергиясы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент
      Бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру департаменті
      Заң департаменті
      Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті
      Талдау және жоспарлау бөлімі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      Астана, 2003 жылғы 21 қазан
      N 1210

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.