Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген
тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырсын;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның мемлекеттік басқару органы деп белгілесін;
      3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды қамтамасыз етсін;
      4) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
      5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына
өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 26, 265-құжат):
      1-тармақ алып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 және 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 145 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 265-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      3. Осы Жарлық, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.