Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.03.19 № 958 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Yкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі 122-бабының 2-тармағына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
      1. "Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында :
      "Халықаралық маңызы бар "белсенді" жобаларды icкe асыру" деген 5.9-бөлімінің "Астана қаласын және Ақмола облысын дамыту" деген 2-кіші бөлімі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Ақмола облысының Щучье ауданында "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының шекарасында туристік ойын-сауық кешенін салу.".
      2. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Жарлықты icкe асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.