Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 38, 420-құжат; N 39, 429-құжат; 2007 ж., N 43, 499-құжат; 2008 ж., N 14, 123-құжат) өзгерістер eнгiзiлciн:

      аталған Жарлыққа 3-қосымшада:

      "Облыстық және оларға теңестірілген соттар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот 5,06 5,31 5,57 5,81 6,07 6,22 6,37 6,53 6,67 6,72 6,82

      төрағасы

      Алқа 4,76 5,00 5,24 5,48 5,71 5,86 6,00 6,14 6,28 6,34 6,43

      төрағасы

      Судья 4,47 4,68 4,92 5,13 5,36 5,49 5,63 5,76 5,90 5,94 6,03";

      "Аудандық және оларға теңестірілген соттар" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот 3,74 3,93 4,11 4,30 4,48 4,60 4,71 4,83 4,93 4,97 5,04

      төрағасы

      Судья 3,37 3,53 3,70 3,87 4,04 4,13 4,24 4,34 4,44 4,48 4,54".

      2. Осы Жарлық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.