Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – агенттіктер) олардың функциялары мен өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілуімен таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі таратылатын агенттіктердің міндеттемелері бойынша құқықты иеленуші болып анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.