Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс (үзінді)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.4) "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкіміне:
жоғарыда аталған өкімге 1-қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
жоғарыда аталған өкімге 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының лауазымдық құрамында:
мына:
"Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары";
жоғарыда аталған өкімге 3-қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838; 31.07.2023 № 290 Жарлықтарымен.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
Бас прокурор
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің (қаржы полициясының) төрағасы
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры
Сыртқы істер министрі
Қорғаныс министрі
Ішкі істер министрі
Әділет министрі
Білім және ғылым министрі
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Экономикалық даму және сауда министрі
Дін істері агенттігінің төрағасы
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы
Қазақстан РеспубликасыПрезиденттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
"Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры
Сыртқы істер министрі
Қорғаныс министрі
Ішкі істер министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Президенттің Баспасөз хатшысы