Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.1. 2036 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.