Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі туралы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігін (бұдан әрі – Агенттік) бөліп, оған Атом энергиясын пайдалану, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қаруды таратпау режімін сақтау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін таратсын;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратылатын Атом энергиясы комитетінің штат санын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің таратылатын Атом энергиясы комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі».
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.