Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 13.01.2014 № 722 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 763-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларының 2-қосымшасында:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы тізбенің 7-тармағында көрсетілген шет мемлекеттердегі ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.