Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы     
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 133-құжат).
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев