Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 72-73, 1051-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік комиссия өз қызметін Мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітетін, мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша жұмыс органы жасайтын тоқсан сайынғы жоспарлар негізінде жүзеге асырады.
      Мемлекеттік комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылған мәселелер мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі. Республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін мәселелер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті келісуге жатады.
      Мүдделі мемлекеттік органдардың арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мәселе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасарында қаралады, оның қараудың қорытындысы бойынша жұмыс органы Мемлекеттік комиссия төрағасының атына осы мәселені Мемлекеттік комиссияның отырысына шығару не шығармау туралы хат жолдайды.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.