1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;";
2) Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев