Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы»;
      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.