Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығына (2020 жылғы 28 мамырдағы № 102 (29831) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

      Дүйсенова Тамара Босымбекқызы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі,

      Цой Алексей Владимирович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Е.А.Біртанов шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.