Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 27.12.2024 № 747 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Ассамблеяны өмір бойы басқаруға құқылы.

      Қазақстан Республикасының Президенті:

      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

      2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

      3) Ассамблеяның басшы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Ассамблея сессиясын шақырады;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.