Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "5. Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:

      "5.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "транспаренттілік - ҚРҰҚ мен квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы кез келген қаржылық қатынастарды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын республикалық бюджет есебінен ғана, сондай-ақ Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің құрамында Парламентті хабардар ете отырып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен ел экономикасына бағыттау;";

      "ҚРҰҚ қаражатын пайдалану" деген тарауда:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағалы қағаздарын сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарды, акциялар пакеттерін, қазақстандық компаниялардың қатысу үлестерін сатып алуына, екінші деңгейдегі банктерді қорландыруына, ҚРҰҚ-дан заңды және жеке тұлғаларға тікелей кредит беруіне, активтерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануына тыйым салынады.

      ҚРҰҚ-дан алынған облигациялық қарыздардан түскен қаражат облигация эмиссиясы проспектісінде белгіленген нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікте пайдаланылуы тиіс.

      Облигациялық қарыздар түріндегі ҚРҰҚ-дан алынған қаражат мынадай шарттарда бөлінуі тиіс:

      ұлттық валютадағы облигациялық қарыздар - соңғы есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша қолда бар соңғы деректерге сәйкес соңғы 10 жылдағы ҚР-дағы орташа жылдық инфляциядан төмен емес мөлшерлеме бойынша;

      АҚШ долларындағы облигациялық қарыздар - ҰБ Басқармасы бекіткен ҚРҰҚ бойынша соңғы тоқсандық есептің деректеріне сәйкес соңғы 10 жылдағы ҚРҰҚ активтерінің орташа жылдық инвестициялық кірістілік мөлшерлемесі бойынша, бірақ тиісті айналым мерзімінде алдыңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша АҚШ МБҚ жиынтық кірістілігінен төмен емес;

      қарызды нысаналы мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін оны ішінара және/немесе толық мерзімінен бұрын өтеу міндеттемесі.

      ҚРҰҚ есебі мен есептілігінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздарын көрсету халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бастапқы тану сәтіндегі әділ (нарықтық) құны бойынша жүзеге асырылады.";

      "ҚРҰҚ пайдалану бойынша шектеулер" деген тарауда:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын Қордың борыштық бағапы қағаздарын сатып алуды қоспағанда, ҚРҰҚ қаражатын қазақстандық эмитенттердің ішкі қаржы құралдарына инвестициялауды қоса алғанда, ҚРҰҚ қаражатын кез келген өзгеше пайдалануға, сондай-ақ ҚРҰҚ-дан берілетін нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттің ағымдағы шығыстарын қаржыландыруға/бірлесіп қаржыландыруға тыйым салынады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының       Президенті Қ.Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.