Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      С санаттарының тобында:

      С-5 санатында:

      "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекеменің референті" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдегі мекеменің референті";

      2) "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңда белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде;

      3) мемлекеттік органның ішінде бір санаттағы лауазымға;

      4) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.