Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      7-тармақта:

      ", хатшыдан" деген сөз алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға";

      "Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:


Әбден Қарақат Жақсылыққызы

–

"Қазақ қызы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша),

Әбдірахманова Алина Бауыржанқызы

–

кәсіпкер, "М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамының бизнес-мектебінің басшысы (келісім бойынша),

Байсақова Зульфия Мұхамедбекқызы

–

"Дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша),

Гурина Марианна

–

"Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша),

Демесінова Лаура Бағланқызы

–

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы (келісім бойынша),

Жанғазинова Назым Жәнібекқызы

–

"NazymPR" коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Жандосова Баян Айтбекқызы

–

"Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы "Шымкент қалалық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Жүгінісова Айнұр Серікқызы

–

кәсіпкер, продюсер, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Имашева Снежанна Валерьевна

–

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша),

Исина Айман Байболқызы

–

"Жезқазған қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы

–

"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша),

Қанай Гүлмира Әмірханқызы

–

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша),

Қарабасова Лаура Чапайқызы

–

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша),

Құсаин Динара Кабдылхаққызы

–

отбасылық даму және балалар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы, "Amansabi.kz" балалар қауіпсіздігі жөніндегі ресурстың негізін қалаушы (келісім бойынша),

Миронюк Татьяна Александровна

–

"Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша),

Молдашева Рыиза Асанқызы

–

"Семей таңы газеттері – Вести Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – бас редакторы (келісім бойынша),

Мұхтарова Найля Алтайқызы

–

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры,

Нұрашева Бибігүл Шәкірбайқызы

–

еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, "Academy of labour relations" бас директоры (келісім бойынша),

Омарова Айман Мұратқызы

–

адвокат, құқық қорғаушы, "AU" онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша),

Омарова Гүлнар Мансұрқызы

–

"Senimen Bolashaq" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша),

Паули Элина Сергеевна

–

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары,

Семидоцких Елена Александровна

–

кәсіпкер, "Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы" заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша),

Тасбергенова Гаухар Қошқарбайқызы

–

"Рухани Қазына" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Төленбаева Клара Мүфтиқызы

–

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының солисі (келісім бойынша),

Цветкова Татьяна Ивановна

–

"Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша),

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы

–

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша),

Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы

–

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша),

Шөжеева Әзиза Тимурқызы

–

кәсіпкер, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымының президенті, "Цифрлық трансформация" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша),

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы

–

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушы-менеджері, саясаттанушы (келісім бойынша);

      аталған Комиссия құрамынан: Э.Ә. Азимова, М.Д. Айтмағанбет, С.М. Айтпаева, Л.Ж. Ахмурзина, А.И. Әбибуллаева, М.Ә. Әкімжанова, С.Б. Байқошқарова, Г.А. Бөрібаева, Л.Е. Ибрагимова, Л.М. Қалтаева, Д.Т. Мұқаев, А.Қ. Мұсақожаева, С.А. Назарбаева, Д.Ж. Нөкетаева, Н.Е. Сағындықова, С.Х. Салихова, Р.Б. Сәрсембаева, Б. Смағұл, Қ.А. Сүлейменова, Б.С. Тұтқышев, Ә.Ү. Хайруллина, Қ.Ә. Шайх, З.К. Шәукенова шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.