Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабының 1-тармағына сәйкес сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесін одан әрі жетілдіру және сот әкімшілігінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері (соттар әкімшілері) бар "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)" мемлекеттік мекемесі облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сот әкімшілігі) болып қайта құрылсын.

      Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, үш ай мерзімде:

      1) Сот әкімшілігі туралы ереженің жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.