Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының заңына Z933600_ сәйкес және геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын берудi тәртiпке келтiру және жер қойнауын игеруге отандық және шет ел инвестицияларын ынталандыру мақсатында қаулы етемiн:
      (1-тармақ) <*> .
      Ескерту. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1996.01.27
               N 2828 жарлығымен. U962828_
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң құрамына Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы енгiзiлсiн.
      3. Республикалық жер қойнауын қорғау және минералды шикiзат базасын толықтыру қоры нысаналы бюджеттiк қор болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн геологиялық барлауға және жер қойнауын қорғауға жұмсалған шығындарды өтеу ставкаларынан жасалатын аударымдардың есебiнен, сондай-ақ геологиялық ақпарат беруден алынатын түсiмнiң және лицензиялар беру жөнiнде көрсетiлетiн қызмет үшiн төлемдерден құралады әрi нысаналы мақсатқа ғана жұмсалады.
      4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Жер қойнауын және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылады. 5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Пайдалы қазбалар қоры жөнiнде мемлекеттiк комиссия құру туралы" 1992 жылғы 18 тамыздағы N 864 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 30, 437-бап) күшi жойылған деп танылсын. 6. Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1994 ж. 5 сәуiр N 1637
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.