"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге
уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының
1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына
Z933600_
сәйкес және энергия
ресурстары бағасының одан әрi өсуi жағдайында халықты әлеуметтiк
қорғау мақсатында қаулы етемiн:
1. 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап жалақы мен жасына байланысты
зейнетақының ең төменгi мөлшерi 100 теңге сомасында белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы
N 1529 Жарлығымен бекiтiлген 1994 жылға арналған Республикалық
бюджеттi дәлдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
зейнетақылардың, жәрдемақылардың және басқа әлеуметтiк
төлемдердiң мөлшерiн қайта есептеудi қамтамасыз етсiн;
жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
қарауына халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтiк қамтудың
бәсiрелiлiгiн күшейту жөнiнен қолданылып жүрген заңдарды өзгерту
мен толықтыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Осы Жарлықтың заң күшi бар және ол жаңадан сайланған
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қолданылып жүрген заңдарға
өзгертулер мен толықтырулар қабылдағанға дейiн қолданылады.
4. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi