Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты құрылымының ішінара
өзгеруіне байланысты және Аппараттың қызметін жетілдіре беру мақсатында
қаулы етемін:
I. Мына актілерге өзгертулер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мәселелері"
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 20 мамырдағы N 1706
K941706_
қаулысында:
1 тармақтан "Бас бақылау инспекциясының" сөздері алынып тасталсын;
2 тармақтың күші жойылған деп танылсын;
3 тармақтан "Президенттің аймақтардағы өкілдерін" сөздері алынып
тасталсын;
Аталған қаулының қосымшасынан "Президенттің аймақтардағы
өкілдерінің тобы" сөздері алынып тасталсын.
2. "Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау
тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 26
қазандағы N 1952
U941952_
Жарлығының 7 тармағының екінші абзацындағы
"Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясы"
сөздері "Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау
басқармасы" сөздерімен алмастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 26
желтоқсандағы N 1994
K941994_
қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның
келісуімен тағайындалатын және бекітілетін мемлекеттік органдар басшы
қызметкерлерінің лауазым тізбесінен Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Бас бақылау инспекциясының төрағасы" сөздері
алынып тасталсын.
ІІ. Мынаның:
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы тамыздағы
N 1834 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің
Аймақтағы өкілі туралы ереженің күші жойылған деп танылсын.
ІІІ. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.