Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келiсiмiне қатысуы туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы 1970 жылғы 1 шiлдедегi Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келiсiмiне қосылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi