Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы Европа Келiсiмiне қосылуы туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы 1975 жылғы 15 қарашадағы Халықаралық автоарналар туралы Европа Келiсiмiне қосылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi