Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қоры туралы

      Жетiм балаларға қараусыз қалған және қайғы-қасiретке душар болған балаларға, сондай-ақ оларды "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтарында" тәрбиелеушi аналарға көмек берудi қамтамасыз ететiн қайырымдылық қызметiн қолдау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "SOS Киндердорф Интернациональ" Халықаралық Қорының арасында 1993 жылғы 22 қарашада жасалған Шарт мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорына жан-жақты көмек және қолдау көрсетсiн. 3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi