Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр Жарлықтарына өзгертулер енгiзу туралы

      "Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2266 U952266_ Заң күшi бар Жарлығының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      I. Мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы N 616 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 4, 56-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын;
      2. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 88-құжат);
      4-тармақта;
      бiрiншi абзацтағы "акцияланатын кәсiпорындармен шарттық байланысы бар ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң акциялар сатып алуына басым құқық бере отырып" сөздерi алынып тасталсын;
      "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      "а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 51 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады"; 5-тармақтың "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 40 процентi инвестициялық жекешелендiру қорларына сатылады"; 8-тармақтың күшi жойылған деп танылсын. II. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.