Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерту енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 24-бабы мынадай редакцияда берiлсiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат): "24-бап. Сақтандыру Мiндеттi сақтандыруға жолаушылар темiр жол, әуе, теңiз, су, мемлекетаралық және облысаралық автомобиль көлiгiмен сапарға шыққан кездерiнде олардың алдындағы тасымалдаушының жауапкершiлiгi мен автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады". 2. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.