Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiндегi салымдарына өтем жасау туралы

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының халықтық Банкi мекемелерiндегi халықтың салымдары бойынша шығындарына өтем жасау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1996 жылы Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiндегi салымдарына өтем жасау тапсырылсын.
      2. 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымдардың барлық түрлерi жөнiнен 1992 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалдықтарға 1996 жылдың 15 сәуiрiндегi iстегi шоттар бойынша өтем жасалуға тиiс. Өтемақы сомасын есептеу салымдардың қалдығын 1992 жылдың 3 қаңтарындағы биржалық бағамы бойынша доллар эквивалентiне қайта есептеу жолымен жүргiзiлсiн.
      3. Өтемақы сомалары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен Қазақстан Акционерлiк халықтық Жинақ Банкiндегi iстегi жеке шоттарға төлем жасау сәтiндегi АҚШ долларының ресми бағамы бойынша есептелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өтемақы сомасын анықтағаннан кейiн қаражаттың қажеттi сомасын Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiне аударсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.