Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу мақсатында қаулы етемiн:
      "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 U931344_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      6-тармақтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы мен оны жүзеге асыру тетiктерiнде:
      "Тұрғын үй саласын қаржыландыру" деген II бөлiмнiң 10-тарауында:
      жетiншi абзац алынып тасталсын;
      сегiзiншi абзацтағы "Соңғы мiндеттi шешу" сөздерi "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дотациясыз жұмыс iстеуге көшiру" сөздерiмен ауыстырылсын; оныншы абзацтағы "мен жәрдем көрсету" сөздерi алынып тасталсын; он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Аталған өтемақылар отбасыларға тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн төленетiн ақыны азайту ретiнде аударым түрiнде берiледi. Өтемақылар берудiң тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi"; он екiншi абзац алынып тасталсын; 10.1.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10.1.2. Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн төленетiн ақыны көбейту кезең-кезеңiмен жүргiзiлсiн, бұл ретте осы шығыстардың сомасы отбасының жиынтық табысының 30 процентiнен аспауға тиiс"; 10.1.4. және 10.2.2. тармақшалары алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Президентi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.