Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының сақталуын
қамтамасыз ету, заңдылық пен мемлекеттiк тәртiптi нығайту мақсатында,
Қазақстан Республикасы Конституциясының
K951000_
44-бабының
3)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 3-тармағы
бұзылып қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына актiлерi
мен олардың жекелеген нормаларының күшi жойылсын:
1) "Алматыкiтап" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар
пакетiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14
ақпандағы N 198 қаулысы;
2) "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде жабық тендерлер
өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
31 қаңтардағы N 128 қаулысының 2-тармағының үшiншi абзацы мен осы
қаулыға қосымша - "Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жабық
тендерлерде сатылуға жататын "Береке" Мемлекеттiк акционерлiк
компаниясының құрамына енетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi";
3) "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын қаржылық
сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 250 қаулысының
4-тармағы;
4) "Ертiс полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамын қаржылық
сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 251 қаулысының 4-тармағы;
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк органдар шешiмдерiнiң күшiн жойсын, осы Жарлықтың
1-тармағында көрсетiлген актiлерге негiзделген тендерлер мен шарттар
нәтижелерiнiң күшi жойылған деп танысын;
2) тиiстi қосымша заң актiлерiн шығару кезiнде Қазақстан
Республикасы Конституциясының, заңдары мен Президентi актiлерiнiң
сөзсiз сақталуы үшiн атқарушы органдардың лауазымды адамдарының
жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi осы Жарлық күшiне
енген күннен бастап екi апта мерзiмде қолданылған шаралар туралы
мемлекет басшысына баяндайтын болсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi