Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, N 33, 409-құжат) қаулы етемiн:
      Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 7 ақпандағы N 600 Жарлығының 1-3, 7-10-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 4, 54-құжат);
      "Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1219 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 224-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1221 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж, N 19, 226-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Құқық қорғау органдары бөлiмi бойынша лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 қыркүйектегi N 1355 өкiмi.
Қазақстан Республикасының Президентi