Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы

      Бiрыңғай салық саясатын жүргiзу, салық заңдылығын сақтауға бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi етiп бөлу арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық жинауды және салық пен басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке толығымен және уақтылы енгiзiлуiне мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 410-құжат) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi".
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы ереженi, оның құрылымы мен санын бекiтсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң қызметiн материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де мәселелердi шешетiн болсын;
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыныстар енгiзсiн; 4) Үкiметтiң бұрын шыққан актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн. 5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.