Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198  Жарлығымен .  

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  K951000_  44-бабының 20)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. "Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      2-тармақта: 
      1) "Шәйкенов Нағашыбай Аманғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" сөздерi "Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi" сөздерiмен алмастырылсын; 
      2) мына сөздер алынып тасталсын: 
      "Есмұқанов Ғазиз - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Көшi-қон департаментiнiң төрағасы 
      Самақова Айткүл Байғазықызы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық бөлiмiнiң меңгерушiсi"; 
      3) мына сөздермен толықтырылсын: 
      "Белокуров Николай Васильевич - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары";
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық бөлiмi" сөзi "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмi" сөздерiмен алмастырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.