Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi туралы

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының Z939000_ 7-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын реформалау кезеңiне арналған әскери қызметшiлердiң әскери киiм нысанының, айырым белгiлерiнiң сипаттамалары мен үлгiлерi (суреттерi) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi