Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377  Жарлығын  орындау үшiн қаулы етемiн: 
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 410-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1-тармақта: 
      1) "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi" деген сөздер: 
      "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2) "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Мына актiлердiң күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанынан Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 22 қаңтардағы N 583 Жарлығы; 
      "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1220 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 225-құжат); 
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" Жарлығына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1161 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 18, 178-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2068 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,N 9, 96-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 2137 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 11, 132-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2284 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 198-құжат); 
      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 2774 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 1, 1-құжат); 
      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 2983 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 160-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 қыркүйектегi N 3113 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 36, 339-құжат);
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi 

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.