Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. Тақырыбына, 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2003.11.15 N 1226 жарлығымен.2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.10.2011 N 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.28 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2013 N 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2014 N 814; 29.08.2014 N 900; 14.01.2016 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
1.
Алғыс айту күні
-
1 наурыз
1-1.
Геолог күні
-
сәуірдің бірінші жексенбісі
2.
Ғылым қызметкерлері күні
-
12 сәуір
2-1.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні
-
21 сәуір
3.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 01.03.2013 N 511 Жарлығымен.
3-1.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
-
21 мамыр
4.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
-
31 мамыр
5.
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні
-
мамырдың соңғы жексенбісі
6.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
-
4 маусым
7.
Эколог күні
-
5 маусым
8.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
9.
Полиция күні
-
23 маусым
9-1.
Мемлекеттік қызметші күні
-
23 маусым
10.
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні
-
маусымның екінші жексенбісі
11.
Медицина қызметкері күні
-
маусымның үшінші жексенбісі
12.
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні
-
28 маусым
13.
Дипломатиялық қызмет күні
-
2 шілде
14.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні
-
13 шілде
15.
Металлург күні
-
шілденің үшінші жексенбісі
16.
Көлік қызметкерлері күні
-
тамыздың бірінші жексенбісі
17.
Құрылысшы күні
-
тамыздың екінші жексенбісі
17-1
Шекарашылар күні
-
18 тамыз
18.
Спорт күні
-
тамыздың үшінші жексенбісі
19.
Шахтер күні
-
тамыздың соңғы жексенбісі
20.
Білім күні
-
1 қыркүйек
21.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
-
қыркүйектің бірінші жексенбісі
21-1.
Отбасы күні
-
қыркүйектің екінші жексенбісі
22.
Қазақстан халқы тілдерінің күні
-
қыркүйектің үшінші жексенбісі
23.
Атом саласының қызметкерлерінің күні
-
28 қыркүйек
24.
Әділет органдары қызметкерлерінің күні
-
30 қыркүйек
25.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 22.11.2013 N 698 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
26.
Машина жасаушы күні
-
қыркүйектің соңғы жексенбісі
26-1.
Еңбек күні
-
қыркүйектің соңғы жексенбісі
27.
Мұғалім күні
-
қазанның бірінші жексенбісі
28.
Құтқарушы күні
-
19 қазан
29.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
-
қазанның соңғы жексенбісі
30.
Статистика күні
-
8 қараша
31.
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі
-
15 қараша
32.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
-
қарашаның үшінші жексенбісі
33.
Прокуратура күні
-
6 желтоқсан
34.
Алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
35.
Энергетик күні
-
желтоқсанның үшінші жексенбісі