Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасы туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.01.14.  N 511 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендетудiң, түркi тiлдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамытудың ұлттық және халықаралық маңызын назарға ала отырып қаулы етемiн:

      1. "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" атты Қазақстан Республикасының қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтың 1-тармағымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында: 
      1) бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен "Жiбек жолы - Қазақстан" Ұлттық компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құратын болсын, оның қызметiнiң негiзгi мәнi ұйымдар мен жеке тұлғалардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тарихи қалаларды қайта өркендету және туризм инфрақұрылымын дамыту жөнiнде қажеттi ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi бiрiктiру болып белгiленсiн; 
      2) шетел инвестицияларын таратуды "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына қатаң сәйкестiкте жүзеге асыратын болсын; 
      3) Қазақстан Республикасының "Жiбек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау" жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша қажеттi шараларды қолданатын болсын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

       РҚАО-ның ескертуі: Қосымшаның қазақша аудармасы жоқ. Орысша мәтіннен қараңыз.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.