Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы

      Мемлекеттiк басқару жүйесiнiң пәрмендiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарының функцияларын нақтылау мақсатында және Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi оның: 
      Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне; 
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiне; 
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiне бөлу жолымен қайта құрылсын; 
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне Алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитеттiң, Мемлекетiк материалдық резервтер жөнiндегi комитеттiң, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаменттiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi фукнциялары мен өкiлеттiктерiн беру жолымен қайта құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiн Төраға - Қазақстан Республикасының Министрi басқарады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бiр ай мерзiмде осы Жарлыққа сәйкес жаңадан құрылған және қайта құрылған мемлекеттiк органдар туралы ережелердi бекiтетiн болсын; 
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.