Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ Заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 1-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат) қаулы етемiн:
      1. "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 U963094_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      10-тармақта:
      төртiншi абзацтағы "1998 жылға - 30%, 1999 жылға - 35% және 2000 жылға - 40%" деген сөздер "1998 жылдың бiрiншi жарты жылдығына - 30%, екiншi жарты жылдығына - 50%, 1999-2000 жылдарға - 50%" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын: "1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап облыстық бюджетке ақша аударымдары күн сайын жасалады". 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi