Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      Қаулы етемін: 
      "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы N 3691  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 427-құжат) қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымынан Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес хатшылығы алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымына Әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселелері жөніндегі бөлім енгізілсін.      

      Қазақстан Республикасының 
      Президенті